Ақпарат комитетінің төрағасы тағайындалды

Ақпарат комитетінің төрағасы тағайындалды
gov.kz

Ақпарат комитетінің төрағасы қызметін Мейірлан Раханов атқаратын болды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Мейірлан Ақылбекұлы Раханов Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Мейірлан Раханов 1988 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген. Еңбек жолын 2011 жылы Қарағанды қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінде бастаған.

  • 2012 жылы – Қарағанды облысы Салық басқармасының жетекші маманы;
  • 2012-2013 жылдары – Қарағанды облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының бас маманы;
  • 2013-2016 жылдары – Ақпарат комитеті Баспа БАҚ басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы;
  • 2016-2021 жылдары – Президент баспасөз қызметінің сарапшысы, кеңесшісі, инспекторы;
  • 2021 жылғы шілдеден 2023 жылғы желтоқсанға дейін Президент баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі болды.