Ақмола облысында қазандық жарылды: бір жұмысшы қайтыс болды

Ақмола облысында қазандық жарылды: бір жұмысшы қайтыс болды
Сурет: Ашық дереккөз

Бұл туралы ақпаратты ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады

Ақмола облысында қазандық жарылған кезде зардап шеккен жұмысшы қайтыс болды. Бұл туралы ақпаратты ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"1967 жылы туған отжағушы маман алған жарақаты мен күйік салдарынан емдеу мекемесінде қайтыс болды", - деді Иманқұлов.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысындағы мектеп қазандығы жарылып, салдарынан үш адам зардап шеккені хабарланған еді.