«Қазақстан халқына» қорынан Қостанай облысындағы мектепке 250 миллион теңге бөлінді

«Қазақстан халқына» қорынан Қостанай облысындағы мектепке 250 миллион теңге бөлінді
Сурет: Ашық дереккөз

Мұғалімдер құрамы да біліктілікті тегін арттыру мүмкіндігіне ие болды

Қаражат есебінен Сарыкөл ауылындағы білім ұясының материалдық-техникалық базасы нығайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Отыз екі оқу кабинеті, шеберханалар жабдықталып, жаңадан арт және телестудия кабинеттері ашылды. Мұғалімдер құрамы да біліктілікті тегін арттыру мүмкіндігіне ие болды. Арнайы оқу бағдарламасы келер жылдың ақпан айына дейін созылады. Жалпы биыл аймақта 77 ауыл мектебіне жөндеу жүргізілді. Материалдық базаны жаңғыртуға екі миллиард теңге жұмсалды. 

«Урицкий орта мектебі «Қазақстан халқына» қоры бағдарламасының аясында жарақтандырылған үшінші мектеп боп табылады. Осыған дейін біз Павлодар, Ақмола облыстарында осындай ауылдық тірек мектептерді толығымен жарақтандырған болғанбыз», - дейді «Қазақстан халқына» қорының өкілі Диас Бейсенбек.