Ақылды сауысқан

Сауысқан шыныдан су ішу үшін Архимед Заңын қолданды.

Керек дерек

Республикамыздың барлық аймағында басқа кұстармен қатар сауысқан да тіршілік етеді. Олар басқа құстардан жекеленіп, өздері ғана топтасып жүреді.

Сауысқандардың бір ерекшелігі - елді мекендерге үйір келеді. Әсіресе, қысты күндері ауылдың маңынан кетпейді. Ал кейде олардың тіпті үлкен қалаларда да ұшып жүргенін көруге болады. Қыстап қалған сауысқандар таңертең оянып, ұсақ топ құрып немесе жекеленіп қала маңындағы қоқыстарға, жуынды-шайынды төгілген жерлерге барып, қорек іздестіреді. Кешке қарай ауыл маңына, қалаға ұшып келіп, түнейді.

Сауысқан қорек талғамайды. Негізгі қорегі - жәндіктер. Кейде ұсақ құстардың жұмыртқасымен, қызылшақа балапандарымен де қоректенеді.

Оның жылтыраған әдемі заттарды ұясына тасып жинайтын әдеті бар.