Ақ түтек боран жолды көрсетпеді: Павлодар облысында екі адамның өмірі қиылды

Ақ түтек боран жолды көрсетпеді: Павлодар облысында екі адамның өмірі қиылды
Сурет: Polisia.kz

Павлодар облысында адам өлімімен аяқталған жол-көлік апаты болды

23 наурызда сағат 22.50-де Омбы-Майқапшағай автожолында, Новоямышево ауылының маңында Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі Павлодар жағына қарай нашар көріну жағдайында жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 25 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Адам өмірін қиған тағы бір оқиға сол күні сағат 18.30-да Павлодар-Ленинский автожолында болды. Мұнда Lada Priora автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі боранның салдарынан рульді басқара алмай, соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сараптама тағайындалды. Барлық фактілер бойынша тексерулер жүргізіледі.