АИТВ- пациенттің екеуінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған

АИТВ- пациенттің екеуінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған
Сурет: ашық дереккөз

Алматы әкімі қалалық ауруханада анықталған үш АИТВ- пациенттің екеуінің қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» брифингте Ерболат Досаевтан Алматы қаласының ОҚКБ - да АИТВ-ны анықтаған екі пациенттің қайтыс болуы туралы ақпаратқа түсініктеме беруді сұрады.

«Мен сізге айтарым, үш адамның арасында өлім жоқ. Тексеру  заң бойынша жасырын түрде жүргізіледі. 2-13 маусым аралығында комиссия құрылды. Мамандар медицина қызметкерлерін, пациенттерді тексеріп, барлық материалдарды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне тапсырды», - деді Ерболат Досаев.