Air Astana компаниясы Upcycling for the future жобасын ұсынады

Air Astana компаниясы Upcycling for the future жобасын ұсынады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Көрмеге кіру тегін.

Қайта өңделген бұйымдар көрмесі Esentay Gallery-да 25 қазанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бүгін Алматыда Air Astana әуе кемелерінің пайдаланылған бөлшектерін креативті қайта өңдеуге арналған Upcycling for the Future пилоттық жобасын таныстырды. Boeing 767 және Airbus 320 ұшақтарының пайдаланудан шығарылған бөліктері, атап айтқанда мұрын, багаж бөлігінің қақпақтары, жолаушылар креслоларының құрылымдары, сондай-ақ ұшақ салонының жұмсақ матасы жиһаз және ішкі көрінісінің әшекейлеріне айналдырылды.

Бұл - әуе компаниясының ұшақ бөлшектерін бірінші рет қайта пайдалануы. Интерьер заттарына үстелдер, сәкілер, креслолар, сондай-ақ жұмсақ матадан жасалған жолдорбалар жатады. Бұл заттардың барлығын кеңсе ішінде де, тұрғын үй-жайларда да, ашық алаңдарда да пайдалануға болады. Кәдеге жарату процесінде қолданылатын технологиялар әртүрлі температура мен климаттық жағдайларды көтеруге мүмкіндік береді.

«Бірегей бөлшектер мен сирек материалдарды қайта өңдеу арқылы біз тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келетін ұзақ мерзімді өнімдерді жасап қана қоймай, сонымен қатар әуе кемесінің рухының бір бөлігін, саяхат кезінде жолаушылардың сезінген эмоцияларын сақтаймыз және сол арқылы осы заттарды күнделікті контексткке көшіреміз», - деді көрменің ашылуында компания президенті Питер Фостер.

Әуекомпания отын үнемдейтін ұшақтарды пайдалану, кеңселерде қалдықтарды бөлек жинау арқылы тұрақты даму саясатын біртіндеп жүзеге асыруда, сондай-ақ электронды құжат айналымы мен заманауи технологияларды енгізу арқылы қоршаған ортаға теріс әсерді азайтады.