Air Astana Франкфурт бағытындағы рейстерге қатысты қиындық туындағанын хабарлады

Air Astana Франкфурт бағытындағы рейстерге қатысты қиындық туындағанын хабарлады
Сурет: Ашық дереккөз

Орындалмаған рейстердің жолаушыларына билет құны айыппұлсыз қайтарылады

Air Astana әуе компаниясы 17 ақпанға жоспарланған Астана-Франкфурт-Астана рейсі орындалмайтынын хабардар етті. Компания баспасөз қызметі бұл Германиядағы кәсіподақтар ереуіліне байланысты екенін нақтылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Германия әуежайларындағы неміс кәсіподақтарының ереуіліне байланысты 17 ақпандағы KC 921/KC 922 - Астана-Франкфурт-Астана рейсі орындалмайды. Одан кейінгі рейстер кестеге сәйкес жүзеге асыралады. Орындалмаған рейстердің жолаушыларына билет құны айыппұлсыз қайтарылады немесе 2023 жылдың 10 наурызына дейін орындалатын рейстерге қайта брондау ұсынылады. Әуе компаниясы орын алған қолайсыздықтар үшін өкініш білдіреді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ әуе компаниясы билетті қайтару және қайта брондау бойынша көмек орталығына хабарласуды сұрайды және рейс мәртебесін әуе компаниясының сайты арқылы тексеру ұсынылады.