Air Astana айыппұлға қатысты сот актісіне шағым береді

Air Astana айыппұлға қатысты сот актісіне шағым береді
Сурет: Inbusiness.kz

Эйр Астанаға 6,7 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салғанын бұдан бұрын хабарлағанбыз.

Осы мәселенің анығын білмек болған Almaty-akshamy.kz  сайтына компания мынадай түсініктеме берді.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің "Эйр Астана" АҚ-ға әуетасымал нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін әкімшілік айыппұл салу туралы ақпаратына қатысты мынаны хабарлаймыз. Әуекомпания құрылған күнінен бастап өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Әуекомпанияның көптеген тергеулері мен тексерулері монополиялық жоғары бағаларды белгілеу үшін, тасымалдаушының жұмысында бұзушылықтарды анықтаған жоқ. Агенттік жүктеген құқық бұзушылық тек қана отын алымын өндіріп алуға қатысты және негізсіз.

Ең алдымен, әуекомпаниялардың отын алымын алуы заңды құқық болып табылады және "Әуе кеңістігін пайдалану туралы" ҚР Заңында қарастырылған. Бүгінгі таңда бұл норма қолданылады, бұл туралы Агенттіктің өзі бірнеше рет мәлімдеді. Сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілікке тарту соттың істі қарауы көптеген іс жүргізу бұзушылықтарымен жүргізілді. Әуекомпаниясы сот актісіне шағымданады. Ал Агенттік жауапкершілікке тарту тәртібін бұзды, бұл Астана қ. МАӘС-тың Агенттіктің әрекеттерін/әрекетсіздігін заңсыз деп тану туралы (заңды күшіне енбеген) шешімімен расталады.