Әйелдер ерлерге қарағанда қанша жыл ұзақ өмір сүреді – статистика

Әйелдер ерлерге қарағанда қанша жыл ұзақ өмір сүреді – статистика
Сурет: Ашық дереккөз

Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 78,4 жасты құрады

Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы ерлерге қарағанда 8 жылға көп. Almaty-akshamy.kz бұл туралы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

2022 жылы халықтың өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасты құрады. Көрсеткіш бір жылда 4,2 жасқа артты. 2020-2021 жылдары өмір сүру ұзақтығы көп жылғы өсімнен кейін алғаш рет төмендеген болатын, тиісінше – 71,3 және 70,2 жас.

Гендерлік тұрғыдан алғанда әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 78,4 жасты құрады, 2021 жыл 74 жас болған. Ал ерлер арасында бұл көрсеткіш 70,2 жасқа дейін өсті, бұған дейін соңғы 5 жылда 68,8 жас деңгейінен көтерілмеген еді.

Өңірлік бөліністе Алматы қаласында өмір сүру ұзақтығы ең жоғары – 77,3 жас, ең төмені Ұлытау облысында – 71,4 жас.