Әулиеатаға бардың ба, ұлу етін жедің бе?..

Әулиеатаға бардың ба,  ұлу етін жедің бе?..
Сурет ашық дерек көзінен алынды

Жамбыл облысы Орталық Азия бойынша ұлу етін өсіретін алғаш өңір атанбақ

Итальяндық «Lumacheria Italiana» компаниясы Жамбыл облысында биылғы жылы өнеркәсіптік мақсатта ұлулар өсіруді қолға алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Облыс әкімінің кеңесшісі Дәулетқожа Мамыровпен өткен кездесуде компания өкілдері Жамбыл облысы қолайлы климаттық жағдайлармен қамтамасыз етілгенін атап өтіп, бұл өнеркәсіптік бағытта ұлуларды әлемдік нарыққа қарағанда 4 есе арзанға өсіруге мүмкіндік беретінін жеткізді.

.gov.kz

Аталған жоба жергілікті «Meragro» компаниясымен бірлесіп іске асырылатын болады. Итальяндық компания жобаны бірнеше кезеңге бөлуді ұсынды. Атап айтқанда, облыс аумағында ұлулар өсіруді жолға қою, инкубатор салу, олар үшін жем-шөп өндірісін бастау және ұлу етін өңдейтін кәсіпорын салу кезеңдерін қарастырып отыр.

  • Жоба бойынша алғашқы кезеңдерде инвестиция көлемі 2 млн. еуродан асады. Бастысы, компания жергілікті шаруаларды оқытуға дайын.
  • Жалпы, косметологияда ұлулар шығаратын қабық пен кілегей шырыш қолданылады. Ал, ұлу еті – бұл ерекше өнім және ол әлем елдерінде үлкен сұранысқа ие.

Айта кету керек, «Lumacheria Italiana» компаниясы ұлулар өндірісінде әлемде көш бастап тұр.