Әскери институттың курсанты постта өлі күйінде табылды

Әскери институттың курсанты постта өлі күйінде табылды
Сурет: Ашық дереккөз

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығының қарауылдық постында 1-курс курсанты өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

«3 наурызда Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығының қарауылдық постында 1 курс курсанты өлі күйінде табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді», - делінген хабарамада.