Әскерге қанша адам шақырылады?

Әскерге қанша адам шақырылады?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Азаматтарға дербес шақырту қағазы немесе 1414 қызметі арқылы SMS-хабарламалары жіберіледі.

Елімізде азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Президент жарлығына сәйкес, 1 наурызда қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруды бастады.

ҚР Қарулы Күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары, полковник Азамат Досымовтың айтуынша, көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру 30 маусымға дейін жалғасады.

"Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіздері жоқ, 18 бен 27 жас аралығындағы 20 мыңнан астам ер азамат толықтырады. Оның ішінде, Қарулы Күштерге 9 мыңнан астам, Ұлттық ұланға 6 мыңнан астам, Шекара қызметіне 3 мыңға жуық, Төтенше жағдайлар министрлігіне 300 астам, мемлекеттік күзет қызметіне 300 жуық адам қабылданады", - деді Досымов.