Әскер ПІРИЕВ, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі: Жаңа Қазақстанды құруға дайынбыз

Әскер ПІРИЕВ,  Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі: Жаңа Қазақстанды құруға дайынбыз
Сурет: Dknews.kz

Қазіргі таңда Конституциялық Кеңес үлкен өзгерістер топтамасын қарастырып жатыр. Елдің Ата Заңына 30-ға жуық түзетулер енгізілді. Бұл өзгерістер саяси жүйеден бастап елдің құрылымы өзгертуге дейінгі мәселелерді қамтиды.

Конституциядағы заңдар азаматтарымыздың өмірін жақсартып, әр адамның бақытты болашағын қалыптастыруға бағытталған. Біз өзіміз үшін ғана емес, ұрпағымыз үшін шаңырағы биік, керегесі кең, табалдырығы берік Жаңа Қазақстанды құруға дайынбыз. Ол үшін әлеуетіміз де, күшіміз де, жігеріміз де жетеді. Біз тарихи сәттерде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын халықпыз. Ендігі кезекте саяси реформаларды аяғына дейін жүргізуіміз маңызды. Бұл реформалардың мәні мен мақсатын халыққа дұрыс түсіндіру ортақ борышымыз.

Себебі, кез келген тарихи сәттің орын алуы қашанда халықтың шынайы қолдауына ие болғанда ғана жүзеге асады. Осы ойымды барлық этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері қолдайтынына еш күмәнім жоқ. Сондықтан бұл бағытта елге жанашыр, мемлекетшіл, отаншыл азаматтардың күш-жігерін біріктіру қажет деп есептеймін. Ассамблеяның құрылымдары мен мүшелері алдыңғы сапта болуы керек. Біз бұл мәселеге Ассамблеяның ғылыми сарапшылық кеңесінің де күшін жұмылдырамыз.

Ата Заңымыздың айбыны асқақтай берсін, Конституция күні құтты болсын!