Аэрозоль кесірі: шағын баллондағы ауа тазартқыштың зияны бар ма?

Аэрозоль кесірі: шағын баллондағы ауа тазартқыштың зияны бар ма?
Сурет: Eco-dostavka24.ru

Ауа тазартатын баллонды күн астында қалдырмаған жөн – жарылып кетуі мүмкін

Әрбір үйде ауаны тазартқыш спрей бар болар. Бұрынырақта оны тек дәретханада қолданатын. Ал қазір кіреберіс, қонақ үй және жатын бөлмеде ауа тазартқыш автоматты дозаторлар жиі қойылады. Иістері жағымды, дегемен, денсаулыққа зияны да баршылық. Ол жайында ресейлік Рен-тв арнасының «Ең пайдалы бағдарламасында» айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі.

Өрт және ауаның жетіспеушілігі

Ауаны тазартқыш құрал өртке себеп болуы мүмкін. Кейбір аэрозольдарда пропан мен бутанның көптігі соншалық, егер ыстық жерде тұрса, оңай жарылып кетуі мүмкін.

Ресейдің МИРЭА университетінің химия ғылымдарының кандидаты Андрей Дорохов ауа тазартқыштың құрамындағы пропан-бутан қоспасы 30 проценттен аспаған жағдайда ғана оның қауіпсіз болатынын ескертеді.
«Егер баллонның жартысын жабық кеңістікте сығып алсаңыз, қоспа ауа шығара бастайды. Жабық бөлмеде ұзақ уақыт тұрса, оттегі тапшылығы пайда болуы мүмкін», - деп ескертеді маман.

Қауіпті белгілері

Пропан-бутан қоспасы – жалғыз қауіп емес. Қазіргі ауа тазартқыштарының құрамында формагельдегид, натрий нитриті, этанол, фталат, ацетон және бензол бар.Бұл компонеттердің барлығы улы болып саналады. Олардан бөртпе, жөтел ұстауы мүмкін.

«Реакциясы әр түрлі болады. Бастың ауыруы, жүрек айнуда тұрған аса қауіпті ештеңе жоқтай көрінеді. Бірақ кейінірек адам есінен тануы мүмкін», - деп бөлісті санитарлық инструктор Алексей Меньшиков.

Улылығына тексеру

Сапалы ауа тазартқыш қауіпсіз болуы керек, жақсы себіледі және жағымсыз иістерді кетіреді.

 «Кішігірім дозаларда бұл зат қауіпсіз, бірақ рұқсат етілген концентрациядан асқан кезде ауыр уытты әсер пайда болады. Жоғары концентрацияларда өлімге әкелуі мүмкін », - дейді Андрей Дорохов.

Мамандар жүргізген зерттеулер бойынша шыққан тұжырым аса қымбат спрейлерді алудың қажеті жоқ екенін көрсетті. Арзан ауа тазартқыштар да жағымсыз иістерді жоюда еш кемшілігі жоқ. Бастысы, олардың құрамына назар аударып, инструкциясы бойынша қолдану керек. Ең дұрысы, табиғи компоненттер негізінде жасалған ароматизаторларды, мысалы, шөптерден тұратын сашелер немесе иіс шығаратын арома шамдарды пайдаланған абзалырақ.