Қайрат Ахметов Сингапурде жекпе-жек өткізбек

Қайрат Ахметов Сингапурде жекпе-жек өткізбек
Сурет: Рrosports.kz

Отандасымыз шет елде өнер көрсетпек

Қайрат Ахметов 17 желтоқсанда Сингапурде өтетін One Championship турнирінде октагонға шығады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы спортшының өзі Instagram-парақшасында хабарлады.

Қарсыласы филиппиндік файтер Дэнни Кинганд болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, қос спортшы бұған дейін екі мәрте кездесуі қажет еді. Алайда екі рет те жекпе-жек түрлі себепке байланысты өтпей қалды. Қайрат Ахметов кейінгі жекпе-жегінде Корея өкілі Дай Хван Киммен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті