Чехияда үйсіздер мейрамхана тамағын ішпек

Чехияда үйсіздер мейрамхана тамағын ішпек
Сурет: Кudago.com

Чехияда енді көше кезіп жүрген баспанасыздар мейрамханада дайындалған тағамдардың дәмін тататын болды

Елде қоғамдық тамақтану орындарының, қоқысқа тастайтын азық-түлік мөлшерін реттейтін заң қабылданды, деп хабарлдайды Almaty-akshamy.kz

Орта есеппен Прагадағы бір кафеде, күніне 25 келі дайын тамақ артылады екен. Енді ол волонтерлік ұйымдарға тапсырылып, олар өз кезегінде оны баспанасыздарға үлестіреді.

Алайда дәмхана иелерінің біразы бұған алаңдап отыр. Бұл қайырымдылығының салдарынан санитарлық қызметтің қармағына ілігуі мүмкін дейді.

Волонтерлер бұрын да азық-түлік үлестіретін. Алайда белсенділер бәрін өз есебінен дайындайтын. Ал шамасы тек бутерброд, сорпа, балық секілді қарапайым тағамдарға жететін.

Алайда Мемлекеттік бақылау қызметі жуырда өткізген тексеруі Чехиядағы қоғамдық тамақтану орындарының дені дайын асын килограмдап қоқысқа тастайтыны анықталды.