Әрбір қазақстандық өзінің зейнетке шығуын жоспарлай алады

Әрбір қазақстандық өзінің зейнетке шығуын жоспарлай алады
Сурет: интернеттен

Қалаған мөлшердегі зейнетақы алу үшін қанша ақша жинау керек?  

БЖЗҚ қазақстандықтарға ай сайын зейнетақы қорына қанша жарна салуын өзі таңдай алатын жаңа құрал шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

2022-2026 жылдарға арналған корпоративтік стратегияның аясында ұсынылған бұл құрал жинақтаушыларға болашақ зейнетақысын басқаруға мүмкіндік береді. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Қордың мәліметінше, БЖЗҚ алдағы уақыттағы зейнетақыны жоспарлаудың жаңа құралы – жеке зейнетақы жинақ жоспарын енгізуді жоспарлап жатыр.

Қалыпты зейнетақы калькуляторларына қарағанда жаңа құрал алдағы уақытта алатын зейнетақы мөлшерін есептеп қана қоймай, сонымен қатар пайдаланушыға мынандай мүмкіндіктер береді:

қажетті зейнетақы мөлшеріне қол жеткізу үшін жарна мөлшерін өз бетінше анықтау;

автоматтандырылған хабарламалар арқылы жоспардың орындалуын бақылау.

Алдағы уақытта алатын зейнетақыны болжамды есептеу мыналарды қамтиды:

мемлекеттік бюджет есебінен төленетін зейнетақы (базалық зейнетақы және ынтымақты (еңбек) зейнетақы).

Мыналардың есебінен БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы:

БЖЗҚ-ға қызметкерлердің табысынан төленетін міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) 10%-ы;

Жұмыс беруші зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына БЖЗҚ-ға аударатын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МЗЖ) 5%-ы.

Қызметкер де, оның жұмыс берушісі де аудара алатын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы.

"Бұл қызмет салымшыларға өзінің алдағы уақытта алатын зейнетақысын жоспарлауға, жоспардың орындалуын бақылауға және кез келген уақытта түзетулер енгізуге бірегей мүмкіндік береді. Бұл – зейнетақы жинақтау саласындағы дараландыру мен ашықтыққа қарай жасалған қадам", - деп мәлімдеді "БЖЗҚ" АҚ өкілдері.