Әлихан Смайылов Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті

Әлихан Смайылов Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен  кездесті
Сурет: Inform.kz

Ынтымақтастықтың барлық басым бағыттары бойынша екіжақты байланыс нығайтылмақ

Қазақстан мен Ресей ынтымақтастықтың барлық басым бағыттары бойынша екіжақты байланыстарды нығайтуға дайын. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Мәскеуде екінші Каспий экономикалық форумы аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың жай-күйін, өнеркәсіп және мұнай-газ салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Келіссөз қорытындысы бойынша Үкімет басшылары ынтымақтастықтың барлық басым бағыттары бойынша екіжақты байланыстарды нығайтуға дайын екендіктерін айтты», - делінген хабарламада.