Әлемдегі ең мықты төлқұжаттар рейтингі жарияланды

Әлемдегі ең мықты төлқұжаттар рейтингі жарияланды
Сурет: ашық дереккөз

Henley & Partners 2024 жылдың Төлқұжат индексін жариялады, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Төлқұжат индексі - елдердің қозғалыс еркіндігінің деңгейі көрсетілген халықаралық рейтинг, яғни бір елдің азаматтары қанша мемлекетке визасыз кіре алатыны көрсетілген. Сараптамаға 200-ден аса ел мен аймақтар қатысқан.

Рейтинг басында Германия, Испания, Италия, Франция, Сингапур және Жапония тұр, бұл елдердің азаматтары 194 елге визасыз кіре алады. Сосын Финляндия, Швеция және Оңтүстік Корея елдерінің азаматтары 193 елге визасыз кіре алады екен.

Фото: www.henleyglobal.com

Қазақстан бұл рейтингте 66-орында тұр, біздің елдің азаматтары 78 елге визасыз кіре алады. Ресей Федерациясы - 51-орын, Түркия - 52, Беларусь - 64, Әзербайжан - 70, Армения - 74, Өзбекстан - 80. Ауғанстан азаматтары 28 елге визасы кіре алады, олар рейтинг соңында тұр.