Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады

Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады
Сурет: ашық дереккөз

Алматы облысының ТЖД 11-14 қаңтар аралығында Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Департамент азаматтар мен туристерді қар көшкіні туындауы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауға, таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шарасын сақтауға шақырды. 

«Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады», - деп хабарлады ТЖД-да.

Сондай-ақ ведомстводағылар тұрақсыз ауа райына байланысты және адамдардың жарақаттануы мен өлімін алдын алу мақсатында су айдындарының бетіндегі жұқа мұздың үстімен жүрмеу керек екенін ескертті.