Әлемдегі ең қымбат футболшылар кімдер?

Әлемдегі ең қымбат футболшылар кімдер?
Сурет: ашық дереккөз

CIES Football Observatory зерттеу тобының тұжырымынша әлемдегі ең қымбат футболшылардың тізімі жарияланды, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Тізімді "Реалдың" 20 жастағы жұлдызы Джуд Беллингем бастайды. Оның трансферлік құнын 267,5 миллион еуроға бағалауда, ал Transfermarkt мәліметінше, англиялық ойыншының құны 180 миллион.

Екінші орында "Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холанд - 251,2 миллион еуро, ал топ-3 тізімін Винисиус Жуниор ("Реал", 250,3 миллион еуро) жалғайды.

Бір қызығы ПСЖ мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе рейтингтің топ-20 тізіміне де енбеді. 25 жастағы футболшы 106,2 миллион еуроға бағаланып, тізімде 27-ші орынға тұрақтаған. Transfermarkt франциялықты 180 миллион еуроға бағалап отыр. 

CIES Football Observatory тұжырымынша ең қымбат 10 футболшы:

1. Джуд Беллингем ("Реал") - 267,5 миллион еуро;

2. Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити") - 251,2 миллион еуро;

3. Винисиус Жуниор ("Реал") - 250,3 миллион еуро;

4. Родриго ("Реал") - 247,9 миллион еуро;

5. Букайо Сака ("Арсенал") - 223 миллион еуро;

6. Фил Фоден ("Манчестер Сити") - 195,8 миллион еуро;

7. Гави ("Барселона") - 175,4 миллион еуро;

8. Хулиан Альварес ("Манчестер Сити") - 164,7 миллион еуро;

9. Джамал Мусиала ("Бавария") - 152,4 миллион еуро;

10. Мартин Эдегор ("Арсенал") - 150,6 миллион еуро.