Әлемдегі ең ірі криптобиржаның елімізде локальді платформасы ашылды

Әлемдегі ең ірі криптобиржаның елімізде локальді платформасы ашылды
Сурет: Vedomosti.ru

Binance  халықаралық компаниясының Қазақстандағы өкілдері арнайы шара өткізіп, платформаны таныстырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Qazaqstan.tv сайтының хабарлауынша, негізі, осы платформа жоқ кезде крипто-акциялар мен валюталарға қызыққандар Байненстің әлемдік биржасында сауда жасап келген еді. Бірақ, ол еліміздің банктерімен біріктірілмеген. Сондықтан, биткоин, альткоин, токен секілді крипто-валюталармен сауда жасап, табыс тапқанымен оны шешіп алу қиын еді. Енді, биржаның банктермен бірге жұмыс істейтін қазақстандық платформасы ашылды. Қатысушылар бүгіннен бастап тіркеліп, криптовалюталармен сауда-саттық жасай алады.