Айлығы шайлығына жетпеген ел тұрғындарының несие алуы көбейген

Айлығы шайлығына жетпеген ел тұрғындарының несие алуы көбейген
Сурет: Halyq-uni.kz

Қазақстандықтардың ай сайынғы төлеп отырған несие қарызы жалақысынан да көп.

Депутат Ерлан Стамбековтың сөзінше, екінші деңгейлі банктер бүгінде халықтың мүмкіндігіне қарамай қарыз беруді көбейткен. Соңғы екі айдың өзінде берешегін өтей алмай жүргендердің қарызы тағы 40 млрд теңгеге өсіпті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Qazaqstan.tv хабарлауынша, 215 мың жалақы алатын дәрігер бүгінде ай сайын 360 мың теңге несие төлейді дейді депутаттар. Тұрғындардың тұрмыстық жағдайын ескермей оңды-солды қарыз берген банктер мен микроқаржы ұйымдарын тексеруді сұрайды.