Әлемде халық саны артты

Әлемде халық саны артты
Сурет: ашық дереккөз

2023 жылы әлем халқы 66 миллион адамға көбейді.

Бұл туралы Германияның «Жер халқы» қоры жазды. Ұйым өкілдерінің айтуынша, қазір Жер шарымызда тұрып жатқан адам саны 8 миллиард 73 миллионға жеткен, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бірақ Американың халық санағы бюросы соңғы бір жылда Жер тұрғындарының саны 75 миллион адамға артты деген дерек келтіріп отыр. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Адамзат тарихында ең жоғары өсім бұған дейін 1965 пен 1970 жылдар аралығында тіркелген еді. Содан кейін көрсеткіш шамамен екі есе төмендеген болатын.