Әлем елдерін құрғақшылық қысып барады

Әлем елдерін құрғақшылық қысып барады
Сурет: Russian.rt.com

Еуропада да қатты ыстық болады деп болжануда.

БҰҰ Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымының мәліметі бойынша, былтыр аптап ыстықтан Испания, Германия, Ұлыбритания, Франция және Португалияда 15 мыңға жуық тұрғын қайтыс болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz таратқан ақпарат бойынша, кәрі құрлықта аптап ыстықтың беті қайтпай тұрғанына екінші жыл . Еуропадағы орташа температура басқа континенттерге қарағанда 2 есе тез өсіп жатыр. Күннің күрт ысуынан адамдар да қатты зардап шекті. 

 Егін алқабын суарудың тиімсіз тәсілі Құрғақшылық Франция фермерлерін тығырыққа тіреді. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан олар жерасты суларын пайдалануға көшкен. Арнайы хауыздар жасап, су айдайтын қоймалардың көмегімен егін алқаптарын сақтауға мәжбүр. Алайда экологтар бұл әдіске қарсы. Себебі жер асты сулары сарқылып, салдарынан елдегі өзен-көлдер кеуіп кетуі мүмкін.    

Ал латвиялық фермерлер болса, биліктен ұзаққа созылған құрғақшылыққа байланысты төтенше жағдай жариялауды сұрап отыр. Олардың болжауынша, биыл астық өнімі 50%-ке аз шығады. Ауыл шаруашылығындағы шығындар қазірдің өзінде 100 миллион еуроға жеткен.   

Ал Қытай билігі шөл мен шөлейттенуге қарсы күресте жетістікке қол жеткізді. Елдегі құмды алқаптарға ағаштар егіліп жатыр. Өсімдіктер топырақты эрозиядан, ал жергілікті экожүйені жойылып кетуден қорғайды.

Осындай аймақтың бірі – Қытайдың Ішкі Моңғолия автономиялық ауданы. Бір кездері құрғақ және шөлді саналған аймақ кейінгі 3 жылда адам танымастай өзгерген. Тіпті елдегі ең ірі тұщы су көлі – Улянсу қайта толып келеді.    


И