Әкіммен кездесу: Алматыдағы Түрксіб ауданында қандай мәселе шешілді

Әкіммен кездесу: Алматыдағы Түрксіб ауданында қандай мәселе шешілді
Сурет: Almatytv

Кондратович пен Ержанов көшесінің қиылысы адам танымастай өзгерген

Айтылған сөз, берілген уәде. Алматы әкімі Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінен кейін оң өзгерістердің орын алғанын айтып, алғыс білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Түрксіб ауданында тұратын Лада Кольчугина Алматы әкімі Ерболат Досаевпен кездесуге барған. Оның айтуынша, Закарпатская көшесі арқылы аялдамаға жету, оқушыларды мектепке тасу халық үшін мұң болған. Әсіресе, арба сүйреген аналар қиналады. Көлік тізгіндегілер темір тұлпарларын тура көше бойына қойып кететін еді. Енді міне берілген уәде орындалып, жүргіншілер жолы салынды. Оның ені кеңейтіліп, көлікке емес, халыққа арналған аумақ артты.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» деген тұжырымдаманың шын мәнінде жұмыс істейтіне қуаныштымын. Айтқан ұсынысымыз жерде қалмады. Алғысым шексіз. Қазір жүргізушілер көлігін бізге кедергі келтірмейтіндей етіп қояды. Халыққа жүру қауіпсіз болды. Жол анағұрлым кеңейді. Бұрын бұл жермен жүргенде жанымызды шүберекке түйіп жүретінбіз», – деді қала тұрғыны Лада Кольчугина.

Ал Кондратович пен Ержанов көшесінің қиылысы адам танымастай өзгерген. «Басқарасу» өзенінің маңы бірнеше ай бұрын қараусыз қалған жер еді. Халықтың сұрауы  «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асты. Екі көшені жалғайтын көпір салынып, халыққа демалыс аумағы жасалынды. Оған қоса, футбол және заманауи ойын алаңы да бар.

«Ержанов пен Кондратович көшесінің арасын жалғайтын көпір құрастырылды. Бұл жерде үлкен кісілер және де жас балалар, жасөпсірімдер мектепке баратын болады. Ең алғаш тұрғындардың сұранысы екі ортада балалардың жүруіне қолайсыз болғандықтан, уақытша жаяу жүргіншілер жолын салу ұсынылған болатын. Ал біз толықтай қамтуды шештік», – деді Түрксіб аудандық көріктендіру бөлімінің басшысы Сәкен Баясыл.

Кездесудегі  көріктіндіруге қатысты 20 шақты тұрғынның сұрақ қойды. Олар қазір шешіліп жатыр.