17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Zakon.kz

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады

Синоптиктер Қазақстанда 17 қараша күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ауа райы болжамына сәйкес, республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр мен қар жауады.

Республиканың барлық аумағында тұман, көктайғақ, күшті жел, сонымен қатар бұрқасын болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады. Түстен кейін аздаған қар жауады. Батыстан соғатын жел екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -12...-14°С, күндіз -7...-9°С.

Алматыда бұлтты. Түнде қар, тұман, көктайғақ. Жел екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -8...-10°С, күндіз 0...+2°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады. Түннің бірінші жартысында қар жауады. Түнде және таңертең тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан екпіні 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -5...-7°С, күндіз +5...+7°С.