«Алматы - Өскемен» автожолында жүк көліктерінің қозғалысы шектелді

«Алматы - Өскемен» автожолында жүк көліктерінің қозғалысы шектелді
Сурет: Ашық дереккөз

Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты жолда жүруге шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл жайында Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті.

Оның айтуынша, 16 қараша түнгі сағат 22.40-тан бастап республикалық маңызы бар «Алматы - Өскемен» тасжолының 778-967 шақырым арылығында тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынған.

Бұл - Аягөз қаласы мен Қалбатау ауылының арасындағы учаске.

Оған себеп - қарлы боран, жолда ештеңе көрінбейді.