Әділет министрлігінің өкілдері алаяқтардан сақ болуға шақырады

Әділет министрлігінің өкілдері алаяқтардан сақ болуға шақырады
Сурет: Gov.kz

ҚР Әділет министрлігі алаяқтар өздерін әділет органдарының қызметкерлері немесе сот орындаушылары ретінде таныстырып жүргенін ескертеді.

Олар азаматтарға хабарласып, атқарушылық құжаттардың талаптарын орындауды, банк шоттарын бұғаттап, жүргізуші куәлігін тоқтата тұрумен және т. б. түрлі жолдармен қорқыта отырып, берешекті өтеуді талап етуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Әділет министрлінің сайтына сілтеме жасап. 

Мұндай қоңыраулар келіп түскен жағдайда атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АІЖО ААЖ) (https://aisoip.adilet.gov.kz/) немесе АИС ОИП мобильді қосымшасы арқылы атқарушылық іс жүргізудің бар немесе жоқтығына көз жеткізу қажеттігін ескертеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының байланыс деректерін сіз келесі сілтемелерге өту арқылы http://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/about/structure/105/1?lang=kk, https://aisoip.adilet.gov.kz/forCitizens/departments алуыңызға болады.

Алаяқтардың заңсыз әрекеттерінің алдын алу үшін министрлік тек ресми дерек көздерінен алынған мәліметтерге ғана сенуді және дербес деректерді үшінші тұлғаларға және күмәнді интернет-ресурстарға бермеуіңізді ескертеді.

Сонымен қатар, қосымша ақпарат алу үшін министрліктің құқықтық ақпараттық қызметіне (8 7172 58-00-58) нөмірі бойынша хабарласуға болады.