Әбиба Әбужақынованың қарсыласына жіберген есесін қайтару мүмкіндігі туды

Әбиба Әбужақынованың қарсыласына жіберген есесін қайтару мүмкіндігі туды
Сурет: Olympic.kz

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирі өтіп жатыр. 

Бұл додада қазақстандық спортшы Абиба Әбужақынова жартылай финалға шықт, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҰОК мәліметіне сай, 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол турнир барысында Түркменстан, Израиль және АҚШ спортшыларын жеңді. 

Жартылай финалда Абибаға швециялық Тара Бабулфатпен кездеседі. Айта кетелік, жақында Бакуде өткен турнирде Абиба дәл осы Бабулфатқа есе жіберген болатын. 

Бұл салмақта бақ сынаған тағы бір спортшымыз Ғалия Тынбаева үшінші айналымды ресейлік Сабина Гилиязовадан ұтылды.