Адамдардың 90%-ның бетінде кене өмір сүреді

Адамдардың 90%-ның бетінде кене өмір сүреді
Сурет: Klinik.by

Дерматовенеролог Зубова адамдардың 90%-ының бетінде  кене тіршілік ететінін айтты.

Адамдардың 90 пайызының бетінде олардың өміріне ешқандай әсер етпейтін кенелер бар. Дегенмен, кейде олар қышуды, тітіркенуді, сонымен қатар, демодикозды тудыруы мүмкін.

Бұл туралы толығырақ Ресей Денсаулық сақтау министрлігі Н.И. Пирогов атындағы РНИМУ филиалының дерматовенерологы Анастасия Зубова айтты.

Демодекс деп аталатын кішкентай кенелер шаш фолликуласында болуы мүмкін, деп атап өтті ол. Адамдарда олар бетте, әсіресе маңдайда, бетте, мұрынның жанынжа, кірпіктерде құлақтың сыртында кездеседі. Бұл демодекозды тудыруы мүмкін.

«Demodex кенесі адамдардың 90 пайызында кездеседі және бет терісінің қалыпты микробтық биоценозының бөлігі болып табылады», – деп түсіндірді Зубова «Известия» басылымына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, мұндай кенелердің екі түрі бар: Demodex folliculorum және Demodex brevis. Біріншілері көбінесе қас пен кірпікте, сирек жағдайда – денеде немесе баста болады. Екіншісі негізінен бет терісінің май бездерінде кездеседі, бірақ олар арқада, мойын, кеудеде де кездеседі.

Дәрігер биоценоз бұзылған жағдайда кене белсенді түрде көбейе бастауы мүмкін, мысалы, әртүрлі тері ауруларынан кейін немесе жергілікті гормоналды жақпа қолданғаннан кейін. Бұған ағза жүйесінің жұмысындағы бұзылулар да әсер етеді: эндокриндік, жүйке немесе тамырдағы ақаулар. Метаболикалық процестердің патологиясы, асқазан-ішек жолдарының аурулары да маңызды.

Диагноз қою үшін дерматовенерологпен кеңесу керек. Ол мұны анамнез немесе тері қырындысындағы кенені анықтау негізінде жасайды. Демодекс анықталып жатса, ол медициналық көмек көрсетуді қажет етпейді, деп нақтылады Зубова. Яғни, оның ауруларға қалай әсер ететінін анықтау маңызды. Сондықтан терапия диагнозға байланысты болады.

Алдын алу шарасы ретінде дәрігер жұмсақ сусабын қолдануды және бетіңізді күніне екі рет жұмсақ тазартқышпен жууды ұсынды. Өлі тері жасушаларын кетіру үшін жұмсақ қабыршақтағыштарды

Дәрігердің айтуынша, асқазан-ішек жолдарының жұмысы, гормоналды жүйе және адам өмірі үшін басқа да маңызды факторлар диетаға байланысты. Бұл тізімге тіпті көңіл-күй де кіреді.

Ең алдымен, маман ақуызды тұтынуды елемеуге болмайтынын айтты. Бұл зат тоқтық пен пайдалы калорияларды береді, олар іштің қатпарларына айналмайды. Сондай-ақ, майдың тұтынылуын бақылау қажет. Олар адамның энегргиясының тасып жүруіне, ал ағза жүйелерінің дұрыс жұмысына көмектеседі. Жасұнық талшықтары туралы ұмытпаңыз. Ол көкөністерде кездеседі, олар сонымен қатар ішек микрофлорасының жұмысын реттейді.