Спортқа қайта оралған Хамитов алғашқы жекпе-жегін қай жерде өткізгісі келетінін айтты

Спортқа қайта оралған Хамитов алғашқы жекпе-жегін қай жерде өткізгісі келетінін айтты
Cурет: Ашық дереккөз

Бұл сәт маған үлкен мотивация береді

Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Қуат Хамитов спортқа қайта оралғанын мәлімдеді. Ол өзінің алғашқы жекпе-жегін өз Отанында өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Спортқа оралатыны туралы мәлімдемесінен кейін 34 жастағы Хамитов (21-8) Fight Nights Global басшысы Камил Гаджиевтен 32 жастағы ресейлік Алексей Махномен (25-8) жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс алды.

Өз Instagram-да Хамитов Гаджиевке Махномен Қазақстанда кездескісі келетінін айтты.

«@Fightnights және @kamilgadzhiev, менің спортқа қайта оралуымды білдіретін бұл жекпе-жектің Қазақстанда, менің Отанымда өткенін қалаймын! Өйткені, менің ойымша, бұл сәт маған үлкен мотивация береді»,-деді ММА споршысы Қуат Хамитов.


Жекпе-жектің өтетін күні туралы әлі ақпарат берілген жоқ.