Абай даңғылын жөндеу жалғасуда

Абай даңғылын жөндеу жалғасуда
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Келесі учаскеде кестеге сәйкес жұмыс басталады.

Абай даңғылындағы жол жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазіргі уақытта батыс бағытта  Достық даңғылынан Есентай өзеніндегі көпірге дейінгі және шығыс бағытта Тілендиев көшесінен Әуезов көшесіне дейінгі аумақтарда жөндеу жұмыстары толық аяқталып, көлік қозғалысы толықтай қалпына келтірілді.

Жөндеу жұмыстары Әуезов көшесінен Есентай өзеніндегі көпірге дейінгі аумақта басталады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 20 шілде күні сағат 23:00-ден 21 шілде сағат 06:00-ге дейін даңғылдың солтүстік жағы толық жабылып, полимерлі асфальтбетон төсеу жұмыстары жүргізіледі. 

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты кейбір маршруттардың 21 шілде күнгі жүру схемаларына уақытша өзгерістер енгізілді:

№3 - Шығыс бағытта - Абай даңғ.- Жароков к-сі - Сәтпаев к-сі - Сейфуллин даңғ.- Абай даңғ.- бұдан әрі схема бойынша; Батыс бағытта – өзгеріссіз;
№25 - Шығыс бағытта - Абай даңғ.- Жароков к-сі - Сәтпаев к-сі - Сейфуллин даңғ. - Абай даңғ.- бұдан әрі схема бойынша; Батыс бағытта – өзгеріссіз;
№34 - Шығыс бағытта - Абай даңғ.- Жароков к-сі - Сәтпаев к-сі - Сейфуллин даңғ. - бұдан әрі схема бойынша; Батыс бағытта - өзгеріссіз;
№57 - Шығыс бағытта - Абай даңғ.- Жароков к-сі - Сәтпаев к-сі - Сейфуллин даңғ. - Абай даңғ.- бұдан әрі схема бойынша; Батыс бағытта - өзгеріссіз;
№62 - Батыс бағытта - Абай даңғ. - Жароков к-сі - Жандосов к-сі -  «№ 12 қалалың аурухана»; Шығыс бағытта – «№ 12 аурухана - Сәтбаев к-сі - Сейфуллин даңғ. - бұдан әрі схема бойынша;
№65 - Шығыс бағытта - Абай даңғ. - Розыбақиев к-сі - Сәтпаев к-сі - Сейфуллин даңғ. - Абай даңғ.- бұдан әрі схема бойынша; Батыс бағытта – өзгеріссіз;
№66 – Шығыс бағытта-Жандосов к-сі - Сәтпаев к-сі-Сейфуллин даңғ; Батыс бағытта - өзгеріссіз;
№ 80 - Оңтүстік бағытта - Байзақов к-сі - Жамбыл к-сі - Мұқанов к-сі - Сәтпаев к-сі -Манас к-сі - бұдан әрі схема бойынша; Солтүстік бағытта - Әуезов к-сі - Жамбыл к-сі - бұдан әрі схема бойынша;
№92 - Шығыс бағытта - Абай даңғ. -Жароков к-сі - Сәтпаев к-сі - Сейфуллин даңғ. -Абай даңғ.- бұдан әрі схема бойынша; Батыс бағытта – өзгеріссіз;
№98-Шығыс бағытта - Сәтпаев к-сі - Сейфуллин даңғ.- Абай даңғ.- бұдан әрі схема бойынша; Батыс бағытта – өзгеріссіз ;
№118 - Шығыс бағытта - Абай даңғ.- Гагарин даңғ. - Сәтпаев к-сі - Сейфуллин даңғ.-Абай даңғ. - бұдан әрі схема бойынша; Батыс бағытта – өзгеріссіз;
№128 - Шығыс бағытта - Абай даңғ. - Гагарин даңғ. - Сәтпаев к-сі - Сейфуллин даңғ. - Абай даңғ. - бұдан әрі схема бойынша; Батыс бағытта – өзгеріссіз;
№120А - Шығыс бағытта - Абай даңғ. - Гагарин даңғ. - Сәтпаев к-сі - Сейфуллин даңғ. - Абай даңғ.- бұдан әрі схема бойынша; Батыс бағытта – өзгеріссіз;
ТП25 - Шығыс бағытта-Марғұлан к-сі - Момышұлы к-сі - Абай даңғ. - Әуезов к-сі - Гоголь к-сі - ПКиО; Кері бағытта - өзгеріссіз;
ТП5 - Шығыс бағытта - Сайын к-сі - Жұбанов к-сі - Сайын к-сі - Абай даңғ. - Әуезов к-сі - Гоголь к-сі - Абылай хан даңғ. – «Алматы – 2» теміржол вокзалы; Кері бағытта – өзгеріссіз;
ТП19 - Шығыс бағытта - ҚАП3 - Әшімов к-сі - Раскулов даңғ. - Емцов к-сі -Райымбек даңғ. - Өтеген батыр к-сі - Абай даңғ. - Әуезов к-сі - Гоголь к-сі -ПКиО - Гоголь к-сі - Қалдаяқов к-сі - Жібек Жолы к-сі - Көк базар. Кері бағытта – өзгеріссіз.

Жол-көлік оқиғасының алдын алу және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жоғарыда аталған көше учаскесінде патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылады.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу учаскелері туралы өзекті ақпарат қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының (@qmb_almaty) ресми парақшаларында, сонымен бірге, 2ГИС қосымшасында қолжетімді болады.

Естеріңізге салайық, Алматыда алғаш рет полимерлерді пайдаланып, асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұндай қоспалар тозуға төзімді, жұмсарту температурасы жоғары (65-70°C), сондықтан ыстыққа төтеп беріп, әлдеқайда ұзағырақ қызмет етеді – қазіргі 5 жылдың орнына 8-10 жыл пайдалануға болады. 

Жол жөндеу 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында қолға алынған. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдарының бізге ұзағырақ қызмет етуі үшін қажетті шара. Жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлап алуларыңызды сұраймыз.