А. Бижанов: Астана – әлемнің көптеген астаналары арасында сәулеті мен атмосферасы жарасқан ерекше қала

А. Бижанов: Астана – әлемнің көптеген астаналары арасында сәулеті мен атмосферасы жарасқан ерекше қала
Almaty-akshamy.kz

Алматының танымал тұрғындары Нұр-Сұлтан қаласын және барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтауда. Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Бижанов еліміздің астанасын көшірудегі тарихи оқиғаның қалай болғанын айтып берді. 

А. Бижанов алматылықтар атынан Қазақстанның барша азаматтарын мерекемен құттықтап, еліміздің бас қаласына қатысты ой-пікірімен бөлісті. 

"ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, “Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі". Көптеген тарихи шешімдер дәл осы жерде қабылданды. 6 шілдедегі атаулы күн есімде.  Біз жоғарғы Кеңес депутаттары жазғы сессияның қорытынды отырысына келдік. ҚР Президенті өз сөзінде геосаясат, экономика, сондай-ақ басқа да аспектілер тұрғысынан астананы Ақмолаға көшіруге шешім қабылдады. Бұл бәріміз үшін жаңалық болды. Сол кездегі депутаттық корпус  көпшілікпен бірге осы шешімді қабылдады. Уақыт өте келе бұл шешімнің дұрыс екенін көрсетті. Бүгінде Нұр-Сұлтан – үлкен ғылыми-мәдени орталық әрі  біздің мақтанышымыз. Астанамыз әлемнің көптеген астаналары арасында сәулеті, атмосферасы жағынан ерекше. Мен осы оқиғаның куәгері ретінде баршаңызды Астана күнімен құттықтағым келеді", – деді А.Бижанов.