93504 қазақстандық онлайн санаққа қатысты

93504 қазақстандық онлайн санаққа қатысты
Сурет: Qazaqpress.kz

Олардың 83188-і sanaq.gov.kz сайты арқылы, 8639-ы Egov порталындағы сайт сілтемесін пайдалана отырып жауап берген, 1677 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысқан.

 Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінің 3 қыркүйекте сағат 9:00-дегі мәліметі бойынша, 93504 респондент онлайн санақтан өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz сілтеме жасап.

 Алғашқы екі күннің қорытындысымен Павлодар облысы алда келе жатыр. Аймақта 16075 адам санақтан өткен.

 Одан кейінгі орында Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Елордалықтардың 15509-ы санақ сауалдарына жауап берген.

 Бұл көрсеткіш бойынша әзірге соңғы екі орын Маңғыстау және Атырау облыстарының еншісінде. Бұл өңірлерде, сәйкесінше, 1406 және 1230 адам санақтан өтіпті.