9 шілдеде құрбан айт мерекесі басталады

9 шілдеде құрбан айт мерекесі басталады
Сурет: Ашық дереккөз

Күллі мұсылман үшін ұлық саналатын Құрбан Айт мерекесі биыл 9 шілдеде басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Бас мүфти бүгін осыны мәлім етті. Бұл күндері мұсылмандар Жаратушының разылығы үшін құрбан шалып, жоқ-жітікке, жағдайы жұтаң жандарға көмектеседі. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр яки түйе шалуға болады. Құранда ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған мұсылманға, оның ішінде жолаушы еместерге және негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болғандарға құрбан шалу – уәжіп делінген. 

Бас мүфти халықты пендешілікке салынбай, пайда табу мен алыпсатарлыққа бармай, мал бағасын қымбаттатпауға, халықтың жағдайын ескеруге шақырды. Қасапшылар да өз қызметіне алатын ақысын өсірмей, жанашырлықпен елге қызмет етер деп үміттенеді.