Алматыға Pfizer вакцинасының 10 мың дозасы жеткізіледі

Алматыға Pfizer вакцинасының 10 мың дозасы жеткізіледі
Сурет: Ашық дереккөз

30 маусымға дейін халықтың 58% ревакцинациямен қамтылды

Алматыда халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация және ревакцинация жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан мәліметке сәйкес, 2021 жылдың 1 ақпаны мен 2022 жылғы 30 маусым аралығында коронавирус инфекциясына қарсы екпенің бірінші дозасы 1,2 млн адамға егілді.

Оның ішінде вакцинаның екі компонентін 1,1 млн астам адам алған.

«Комирнати» вакцинасының (Pfizer ) біріншісі дозасын - 98 мың, екінші дозасын - 91 мыңнан астам адам салдырды, бұл- екпе алуға тиіс халықтың 94%. Сонымен қатар, халыққа ревакцинация жүргізу жұмысы да жалғасып жатыр. Биылғы жылдың 30 маусымына дейін халықтың 58% ревакцинациямен қамтылды»,- деп хабарлады департаменттен.

Қала бойынша вакцинация жүргізетін 64 егу пункті жұмыс істеп тұр.

«Бүгінгі күн3 егу пунктерінде QazVaс вакцинасының - 124 453 дозасы, Vero Cell Синофармның -185 112 дозаcы бар. Ал Pfizer вакцинасының 6 123 доза бар, шамамен тағы 10 мың доза күтілуде. Қала халқын коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау үшін жеткілікті мөлшерде вакцинамен қамтамасыз етілген»,- деп нақтылады Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.