9 өңірге ауа райына байланысты ескерту жасалды

9 өңірге ауа райына байланысты ескерту жасалды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бірнеше облыста тұман түсіп, бұрқасын соғады.

Синоптиктер 28 ақпанда елдің тоғыз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Түркістан облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Қарағанды облысында батысында тұман.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.