9 айда елімізде төтенше жағдай кезінде 9719 адам құтқарылды

9 айда елімізде төтенше жағдай кезінде 9719 адам құтқарылды
Сурет: Самат Құсайынов

Ертең, яғни, 19 қазан - құтқарушылар күні.

Жыл басынан бері құтқарушылар төтенше жағдай орнына 65534 рет шыққан. Оның барысында 9719 адам құтқарылып, 10045 адам эвакуацияланды. Зардап шеккен 2294 адамға медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ТЖМ сайтында берілген ақпаратқа жүгініп. 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдары 413 мыңнан астам адам құтқарылды, 380 мыңнан астам ТЖ аймағынан эвакуацияланды, 70 мыңнан астам зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.