85 400 теңге беріледі деген ақпарат – өтірік!

85 400 теңге беріледі деген ақпарат – өтірік!
Сурет: 1C-UMI

Еңбекмин Қазақстанда мұндай субсидиялардың жоқ екенін мәлімдеді.

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан, жұмыссыз азаматтар мен табысы төмен қазақстандықтар 85 400 теңге мөлшерінде мемлекеттік экономикалық субсидияларға өтінім бере алатындығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз», делінген министрлік таратқан хабарламада.