8 мың қазақстандық "күдікке" ілінді

8 мың қазақстандық "күдікке" ілінді
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Олар – декларацияны бірінші кезеңде тапсырған мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары.

Мемлекеттік кірістер комитеті бұл іс бойынша қазір тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz  31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.

Жалпы, декларацияның бірінші кезеңінде 580 мыңдай мемлекеттік қызметкер құжат толтырған. Кірістер комитеті департаментінің директоры Нұржан Қуандықов 8 мың азаматқа бірден айыппұл салынбайтынын, себебі ақпараттың әлі де нақтылайтын тұсы бар екен.