7 жасар қазақ қызы Сириядан елге қайтарылды

7 жасар қазақ қызы Сириядан елге қайтарылды
Сурет: Ulysmedia.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызын Сириядан қайтарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚР ҰҚК мәліметінше, оны қайтару бойынша гуманитарлық операцияға жарты жылдан астам уақыт кеткен.

Қазір ол Астана қаласының балаларды қолдау орталығында.

«Қыз баланың психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Бүлдіршін медициналық тексеруден өтіп жатыр, оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізілуде. Жуық арада ол туыстарына беріледі», - делінген хабарламада.

Жалпы, 2019 жылдан бастап ҰҚК террористік белсенділік аймақтарынан 518 кәмелетке толмаған баланы, оның ішінде 34 жетім баланы елімізге жеткізген.