Жеті мыңға жуық қыз-келіншек әскери қызметте жүр

Жеті мыңға жуық қыз-келіншек әскери қызметте жүр
сурет: ztb.kz

ҚР Қарулы Күштері қатарында 7 мыңға жуық қыз-келіншек жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде 7 мыңға жуық нәзік жан келісімшарт бойынша еңбек етеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның көпшілігі қатардағы жауынгер, сержанттық және офицерлік қызмет атқарады.

Оның ішінде 800-ге жуық офицер, 2 мыңға жуық сержант және 4 мыңға жуық қатардағы жауынгер бар.

«Жеті әйел - жоғары лауазымдарда. Атап айтқанда, Қорғаныс министрінің көмекшісі, Қорғаныс министрлігі департаменті бастығының орынбасары, қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, әскери госпиталь, база, орталық және лазарет бастығының орынбасары», - делінген Қорғаныс министрлігінің ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына берілген жауапта.

Айта кетейік, елімізде Отан қорғаушы күні аталып өтіп жатыр.

Сондай-ақ, бүгін ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 31 жыл толды.