66 адамнан коронавирус анықталды

66 адамнан коронавирус анықталды
сурет: ашық дереккөзден алынды

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 22 сәуірдегі ақпарат

Өткен тәулікте 66 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 342 адам коронавирус инфекциясынан (–1 178+ және 164 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 164 пациент стационарда, 1 178 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр, жағдайы өте ауыр және ӨЖЖ аппаратында жатқан науқастар жоқ.