61 адам 28 литр қан тапсырды

61 адам 28 литр қан тапсырды
Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы Төртінші қалалық аурухананың қызметкерлері 28 литр қан тапсырд

Бүгін №4 қалалық клиникалық ауруханада «Донор бол – өмір сыйла» атты шара өтті. Аурухана қызметкерлері 28 литр қан тапсырды.

Донорлық акцияға қатысуға барлығы 90 адам ниет білдірді. Іріктеу нәтижелері мен денсаулық жағдайы бойынша 61 адамға қан тапсыруға рұқсат берілді.

«Биыл біздің ұжым «Донор бол» акциясына екінші рет қатысып отыр, сәуір айында клиникада өткен науқанда қызметкерлеріміз 27 литр қан мен оның компоненттерін тапсырды. Донорлық қан құюды қажет   ететін адамдардың өмірін аман алып қалуға көмектесетінін түсіну керек. Науқасқа қан жазатайым оқиға, операция, босану және басқа да медициналық процедура кезінде қажет болуы мүмкін. Қан мен оның құрамдас бөліктері анемия, қатерлі ісік, гемофилия және т.б. түрлі ауруларды емдеуге қажет болады», - дейді No4 қалалық клиникалық аурухана директорының орынбасары Тимур Раимжанов.

Төртінші қалалық аурухана елімізде жедел травматологиялық және хирургиялық көмек көрсететін флагман ретінде танымал. Аурухана  дәрігерлері гемотрансфузияға - науқасқа қан мен оның компоненттерін құюға жиі жүгінеді. Мұнда тәулігіне 2 литрге жуық қан құйылады.

Донор қаны келесі жағдайда адам өмірін аман алып қалуы мүмкін:

- жарақат, операция немесе босану салдарынан қан жоғалту кезінде;

- темір, дәрумендер немесе басқа қоректік заттардың жетіспеушілігінен туындаған анемия кезінде;

- лейкоз, лимфома, миелома және басқа қан аурулары кезінде;

- қан ұюының бұзылуымен байланысты гемофилия және басқа да тұқым қуалайтын аурулар кезінде;

- қанның жоғалуына немесе қантүзу мүшелері қызметінің бұзылуына әкелетін ісік аурулары кезінде;

- сепсис немесе безгек сияқты жедел жұқпалы аурулар кезінде;

- қатерлі ісікті емдеу, органдарды трансплантациялау немесе басқа медициналық процедураларда қан қажеттілігінің артуы кезінде.

Қан тапсыру – адам өмірін сақтап қалуға және аурумен күресуге көмектесетін өте маңызды процесс. Қан доноры болғыңыз келсе, қалалық қан орталығына хабарласыңыз.