6 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

6 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
inform.kz

Қазгидромет 19 қарашада бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың батысында екпіні 23 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысыныңсолтүстігінде және орталығындатұман түседі 19 қарашада таңертең және күндіз Алматы облысының солтүстік- шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, облыстың оңтүстігі мен шығысында жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман болады.

Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстік-батысында күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.