6 тамызда Алматыда Tour of World Class Almaty веложарысы өтеді

6 тамызда Алматыда Tour of World Class Almaty веложарысы өтеді
Сурет: Almaty.tv

Веложарыс «ALMATY ARENA» көпфункционалды кешенінің аумағында басталады,деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Tour of World Class Almaty ұйымдастыру комитеті қала тұрғындары мен қонақтарына веложарыс күні жарыс өткізілетін жерлердегі жолдардың кейбір бөліктерінде қозғалыс ішінара жабылатыны туралы хабарлайды.

Көлік қозғалысы келесі көшелерде шектеледі:

Момышұлы көшесінен Доспанова көшесіне дейінгі ALMATY ARENA-ға іргелес жолдың қысқа бөлігі 6 тамызда сағат 02:30-дан 17:30-ға дейін екі бағытқа да жабылады.

Доспанова көшесімен айналма жолдан Аднан Мендерес көшесіне дейінгі қозғалыс екі бағытта да сағат 06:00-ден 09:50-ге дейін жабылады.

Момышұлы көшесі бойынша Аднан Мендерес көшесінен Мөңке Би көшесіне дейінгі қозғалыс 06:00-ден 09:50-ге дейін жабылады.

Момышұлы көшесінен Мөңке Би көшесі бойымен Момышұлы көшесінің жалғасына дейінгі қозғалыс 06:00-ден 09:50-ге дейін жабылады.

Момышұлы көшесі бойынша Мөңке Би көшесінен БАК бойындағы көшеге дейінгі қозғалыс 06:00-ден 09:50-ге дейін жабылады.

БАК бойындағы Момышұлы көшесі бойымен экологиялық бекетке дейінгі қозғалыс 06:00-ден 09:00-ге дейін жабылады.

Индустриялық аймақтың айналасындағы қозғалыс 06:00-ден 09:00-ге дейін жабылады.

Деректер веложарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытын ұтымды бөлуді ескере отырып енгізілді.

Жолдардың жабылуын ескере отырып, оңтайлы маршрутты табу үшін сіз 2ГИС қосымшасын пайдалана аласыз.

Іс-шара күні қоғамдық көлік қүнделікті режимде жұмыс істейтінін және оған жеке жолақ бөлінетінін атап өту маңызды. 

Жарыс уақыты:

6:00 – 48.5 км тас жол велосипедтерінің сөресі

6:05 – 33.5 км тас жол велосипедтерінің сөресі

6:11 – 33.5 МТБ велосипедтерінің сөресі

9:10 – 14 км балалар қашықтығының сөресі.