Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге айрықша рөл беріліп отыр - Мемлекет басшысы

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге айрықша рөл беріліп отыр - Мемлекет басшысы
lenta.inform.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау салтанатында сөйлеген сөзінде Қазақстанда бизнес жүргізудің бұлжымас шарттарын атады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Кәсіпкерлерді қорғауда Бас прокуратураға, «Атамекен палатасына» және Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге айрықша рөл беріліп отыр. Өз кезегінде бизнес те парасатты жұмыс істеп, заңнаманы мүлтіксіз сақтауы керек. Бұл өте маңызды», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бизнестің парасаты мынандай ұғымдармен тығыз байланысты.

«Нарықтық бәсекелестік, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, салық адалдығы біздің елде бизнес жүргізудің ажырамас шартына айналуы керек», - деді Президент.