55 нысанның жұмысы аяқталды

55 нысанның жұмысы аяқталды
Сурет: ашық дереккөз

Алматы әкімдігі «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын іске асыру жұмыстарын жалғастыруда

Биылғы жылы бағдарламаның тиімділігін ескере отырып, Түрксіб ауданына бөлінген қаражат сомасы 52 жобаны іске асыруға 1,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Бүгінгі таңда 55 нысанның жұмысы аяқталды. Осы жылдың қараша айының соңына дейін тағы 27 жоба (балалар алаңдарын салу бойынша 15 жоба; 5 - жерасты қоқыс контейнерлерін орнату бойынша; 5 - жаяу жүргіншілер көпірлерін жөндеу бойынша; 2 – жаяу жүргіншілер-серуендеу аймақтарын жайластыру бойынша) аяқталады, -деді қала әкімі Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде.